Исламхан алаңға қашан шығады?

Жақында жерлесіміз Бауыржан Исламхан Ресейдің «Кубань» клубына ауысып еді. Бірақ жарақаты бар деп естігенмін. Сұрайын дегенім, Исламхан Краснодар командасының сапында алаңға қашан шығады?
Ринат Керімбеков, Тараз қаласы
Ресей премьер-лигасына ауысқан жалғыз қазақ баласы Достастық кубогында алған жарақатынан толық айықты. Бүгінде ол «Кубань» клубының футболшыларымен бірге жалпы жаттығу жұмыстарын өткізіп жүр. Дегенмен әлі командасының ресми кездесуіне қатысқан жоқ. Бірақ 15 наурызда Краснодарда өтетін «Кубань» – «Динамо» клубтарының дубльдік құрамалары арасындағы кездесуге қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан биылғы қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Кубань» клубына «Тараздан» 200 мың АҚШ долларына ауысқан болатын. Жаңа командасымен үш жылға келісімшартқа отырған. «Кубаньда» Баториге 32-ші нөмірлі жейде бұйырды.





