Исатайдың ұрпақтары бар ма?

Исатайдың ұрпақтары бар ма?

Исатай Тайманұлының бірнеше ұлы шайқастарда қаза тапқаны белгілі, батырдың артынан қалған ұрпақтары бар ма?
Дидар ЖАҚЫПБЕК,
Тараз
Исатай Тайманұлының ұрпақ­та­ры көп. Исатайдың алты ұлы – Жақия, Ақай, Оспан, Досмағанбет, Дінбаян, Әлпияр және бір қызы – Дүлзада болған. Ақай 20 жасында 1837 жылғы қазан айында хан ордасының түбіндегі шешуші шай­қаста қаза болды. Оспан үйленбестен ауырып қайтыс болды. Жақия 1838 жылғы 12 шілдедегі Ақбұлақ өзе­нінің құйылысындағы ірі шайқаста әкесіне жәрдемдесіп жүргенде жау қолына түсіп, шетелге айдалып кетті. Содан хабарсыз кетті. Артында жал­ғыз ұлы Шахмет қалды. Одан – Шамақ, баласы Құрмет қалды. Құр­мет Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман келіп еді, қазір өмірде жоқ. Балалары Исатай ауданында тұ­рады.
Ал Досмағанбеттің шөбересі – Шайдолла Қодаров сол жылдарда қала түбіндегі Жұмыскер селосында тұрған. Қазір өмірде жоқ. Баласы Ғазиз Қодаров Ғани Мұратбаев орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Исатай батырдың тағы бір баласы Дінбаяннан Өтепқали (1930 жылы қайтыс болды), Серәлі, Қа­релі, Қарес, өмірге келсе, Өтеп­қа­ли­дан – Сәлен, Құбайдолла, Ибрайым, Қамза, Қишекен, ал Қамадан Уахит, Сайдол, Зейнеден туды. Бұлар Иса­тай ауданында тұрады. Қишекеннің баласы – Қабес Аты­рауда тұрады. Иса­тай батырдың шө­бе­релері Атырау қаласында, Ба­лықшы, Ма­хамбет, Исатай аудан­дарында тұрып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста