iPhone-ның түпнұсқа екенін қалай анықтауға болады

Қолыңыздағы "iPhone" ұялы телефонының жалған балама немесе түпнұсқа екенін қалай анықтауға болатынын білесіз бе?

Осы мәселеге қатысты Massaget.kz сайтында жарияланған пайдалы кеңестерді қаз-қалпында бергенді жөн көрдік.

1. Серия номері

Қолыңыздағы телефонның жалған немесе түпнұсқа екенін анықтайтын бірден бір жол сериялық номері деуге болады. Сіз құрылғыңыздың "Settings>General>About" баптауларына кіріп, ең соңында тұрған сериа номеріне көз жіберіңіз. Сол номерді "https://selfsolve.apple.com/agreementWarrantyDynamic.do" сілтемесіне кіріп, сол жерде тексеріп көруіңізге болады. 


2. Жалпы ерекшеліктері
iPhone смартфонын сатып аларда артқы жағында және басқа да жақтарында орналасқан заттаңбаға (логотип), дыбыс күшейткіш, дыбыс есту саңылауын, сөндіріп, қосатын кнопкасын, қуаттандырушы саңылауын, құлаққап құрылғысын қосатын саңылауын және телефон дыбысын азайтып, ұлғайтатын тетіктерін мұқият қараған дұрыс. Ал осы тетіктерінің дұрыс орналаспауын, жұмыс істейтін, істемейтінін және заттаңбадағы жазудың қате емес екеніне назар аударыңыз.

3. Ғаламторға қосылу
Әрине "iPhone" ғаламторға емін-еркін кіре алады. Алайда сіз жаңадан алған телефоныңыздың ғаламторға тура қосылатынын да, 3G арқылы қосылуға болатынын да тексеріп көріңіз. Себебі "iPhone" телефоны жасалған елде ғана 3G арқылы интернетке қосыла алатындай етіп жасалған.

4. iTunes
Егер сіздің қолыңыздағы "iPhone" ұялы телефоны "iTunes"-ті танымай, оған қосылуға мүмкіндік болмаса, демек түпнұсқа емес. Дегенмен тез шешім қабылдамас бұрын "iOS"-ның жаңа ережесін оқып, телефоныңызды тағы бір мұқият тексеріп шығыңыз. Егер қайталап тексергенде де тіркеле алмасаңыз, демек телефоныңыз шынымен де жалған "iPhone" болғаны.

5. Бағдарламалар
iPhone-да бірнеше негізгі бағдарламалар болады. "Contacts," "Compass," "Settings," "Calculator," "Music" және "Photos" қатарлы бағдарламаларды ең бірінші тексеріп көріңіз. Бұл әрекет телефонның 100 пайыз түпнұсқа екеніне кепілдік бермесе де, тұпнұсқадан тексерудің алғашқы қадам екенін білдіреді.

6. Ресми байланыс орыны
Егер сіз сотка сатып аларда жалған ұялы телефонға жолығып қалармын деп күдіктенетін болсаңыз, бірден ресми байланыс орындарынан сатып алуыңызға болады. Бұл сіздің алаяқтардың алдауына түсіп қалмауыңызға сенімді қадам болады.

7. Siri -ді тексеріңіз
“Settings>General>Siri” түзілімі бойынша Siri-ге кіріңіз. Siri-мен сөйлесу кезінде түпнұсқа телефоны сізге сигнал арқылы шынайы жауап береді. Ал қандай да бір кінәраты бар немесе жалған соткада мұндай сигналдық жауап болмайды.

8. Жиек бұрандалары
Телефоныңыздың астыңғы жақ жиегіне назар аударыңыз. Егер телефоныңыз түпнұсқа болатын болса, телефонның рамасын тоқтатқан екі бұрандасының басы гүл тәрізді бесбұрыш бұрауышқа (отвертка) сәйкес келуі керек. Ал жалған iPhone-ның жиек бұрандалары әртүрлі бола береді.

9. Орама
Әрине, сатып алған телефоныңыздың орамасын мұқият қарайтыныңыз заңды. Ораманың ішінде телефонды өндіруші ел, жасаған зауыт, сериа номері, штрих код қатарлы заттық атаулар жазылады. Осындағы сөздердің қатесіне мұқият көңіл аударған жөн. Түпнұсқа телефонның мұндайда кез келген тілде ешқандай қатесіз жазатынын ұмытпау керек. Егер қандай бір сөзде не сөйлемде қате кеткен болса ол жалған телефон.

10. Телефонды іске қосу
Телефоныңызды өшіріп, қайта іске қосып көріңіз. Сол кезде экранға бір шеті кетілген алманың бейнесі шығар болса, бұл түпнұсқа деп тануға болады. Әйтпесе жәй ғана «бұл телефон – түпнұсқа» деген сөзге сене салу қиын. Сонымен қатар, қолыңыздағы телефон қосылған кезде экрандағы жазудың қай тілде екеніне де мән беріңіз. Ал соткаңыздың салмағы да түпнұсқалығын анықтауда айтарлықтай рөл ойнайтыны есіңізде болсын. «Жұдырықтай жұтыңыздың» тым ауыр болуы да, тым жеңіл болуы да көңіліңізге күдік ұялататыны анық. Ал iPhone 5S түпнұсқа телефонының негізгі салмағы 112 грамм ғана болады. (Ал жалпы 1-ден 7 S-ке дейінгі iPhoneдардың салмағы 112-ден 188 грамм аралығы)

massaget.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста