Инвентаризациялау әлі жалғасуда
Қазіргі уақытта қай өңірлерде жер телімдерін түгендеу жұмыстарын жүргізу (инвентаризация) толығымен аяқталды?
Алмас ҚЫРЫҚБАЕВ, Астана
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жерлерді түгендеу жұмыстары өткен жылы аяқталған болатын. Ағымдағы жылы аумағы 30,6 млн гектар ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу жалғастырылды. 90 млн га алаң жерді инвентаризациялау 2012-2014 жылдарға жоспарлануда. Өңірлік жоспарда түгендеу жұмыстары бойынша бұл кешенді шара толығымен 52 әкімшілік аудан және облыстық маңызы бар жеті қалада қамтылған. Қазіргі уақытта аталған жұмыс іс жүзінде аяқталып, облыстық деңгейде әкімдіктермен материалдар келісіліп, одан әрі бекітілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Барлық түгендеу жұмыстары толық аяқталған соң, құжаттар тиісті әкімшілік шараларды қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және аумақтық жер инспекцияларына жолданатын болады. Ағымдағы жылғы жоспар бойынша бүгінгі күні ауылшаруашылық маңыздағы 30,6 млн гектар жерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылғы 11 қараша жағдайы бойынша түгендеу жұмыстары еліміздің 13 облысында жүзеге асып, бекітілді.