Қазір кез келген ірі сауда орнынан секс-шоптардың ашылғанын көреміз. Елімізде мұндай сауда нүктелерінің қызметін реттейтін заңдар бар ма?
Жанна Ерболатова, Астана қаласы
Қазақстанда, тіпті Кедендік одаққа мүше Ресей мен Беларусьте де секс-шоптардың қызметін реттейтін арнайы заңнамалық актілер жоқ. Елімізде интимдік мақсаттағы тауарлар сатылатын нүктелер әзірше кәсіпкерлік нысаны ретінде қаралады. Секс-шоп ең алғаш 1962 жылы Германияның Фленсбург қаласында ашылған. ТМД елдерінде интимдік тауарлар дүкені тұңғыш рет 1992 жылы Мәскеуде пайда болды. Мұндай сауда желілері Қазақстанға 90-жылдардың соңына қарай келе бастады. Қазіргі уақытта мұсылман діні өкілдеріне арналған секс-шоптар да бар.
Интимдік тауарлар туралы заңнамалар бар ма?
Последние статьи автора