Интерпол жайлы көп естиміз. Бұл мекеме қай елдікі және ол қандай принциптер бойынша жұмыс істейді?
Нұрым АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ, Қостанай облысы
«Интерпол» атауы – «Халықаралық қылмыстық істер полицейлер ұйымы» деген атаудың (International Criminal Police Organization) қысқартылған түрі. Ол ешбір елдің меншігі емес. Халықаралық ұйым болғандықтан, мүше мемлекеттердің тең құралы болып есептеледі.
ХХ ғасырдың басында-ақ негізі қалана бастаған бұл ұйым ресми түрде 1946 жылы бекітілді. Бүгінде оған 186 мемлекет мүше. Интерпол мүшелігінің көлемі жағынан БҰҰ-дан кейін екінші орында тұр. Негізгі мақсаты – ұйым құрамындағы елдерге тән құқық қорғаушы органдар арасында күш біріктіру. Интерпол қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген ауқымды шараларға барады, атап айтқанда, халықаралық іздестіру жұмыстары, ел мен елдің арасындағы адам саудасын тоқтату, еларалық ұйымдасқан қылмыстық топтарды тұтқындау, есірткі тасымалымен күресу, экономика және жоғары технологиялар арқылы жасалатын қылмыстарды әшкерелеу, жалған валюта мен құжат басып шығарушы қылмыскерлерді құрықтау, терроризмге қарсы күрес дегендей негізгі бағыттарда жұмыс істейді. Аталмыш ұйым діни, нәсілдер арасындағы, саяси, әскери істерге араласпайды. Орталық штаб-пәтері Францияның Лион қаласында орналасқан. Ұйым мүшелерінің жиналысы әр жыл сайын бір рет өткізіліп отырады. Төрағасы төрт жылда бір сайланады.
Интерполдың міндеті не?
Последние статьи автора