Саяси әдебиеттерден интерпелляция терминін жиі кездестіреміз. Осы терминнің мағынасы қандай?
Асылбек Дулатұлы, Алматы
Интерпелляция – (лат. interpellate) – Үкіметке немесе оның жеке мүшесіне (министрге) белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте онда қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы мәселе қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілу мерзімі көрсетіледі. Тиісінше министрі ерекше сұрауға жауап қатып, саяси бағыт туралы түсініктеме береді. Интерпелляция Парламентке Үкіметтің қызметін қадағалауға мүмкіндік жасайды. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, Үкіметке (не оның мүшесіне) сенімсіздік білдіру мәселесі тууы мүмкін.
Интерпелляцияның депутаттық сауалдан өзгешелігі – Парламенттің пікірі білдірілген қарар қоса беріледі.