ІІМ-нің ЖОО-ларына қабылдау тәртібі ерекше

ІІМ-нің ЖОО-ларына қабылдау тәртібі ерекше

Балам келесі жылы мектеп бітіреді. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының біріне оқуға түспекші. Оларда оқуға қабылдау тәртібі қалай?

Темірбек Нартбаев, Шымкент қаласы

ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау ережесі бойынша, Қазақстан Республикасы ІІМ-інің жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекітілген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүргізіледі:

1. Қазақстан Республикасы ІІМ-інің оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидасына сәйкес, медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талапкерлер құрамын қалыптастырады.

2. Қазақстан Республикасы ІІМ-інің жоғары оқу орындары Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы дайындаған технологиялар бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификат балдарына сәйкес іріктеу жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасы ІІМ-інің жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар қатарына қабылдау жасайды.

Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ-інің бұйрығымен бекітіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста