Идентификациялық нөмірдегі 12 сан нені білдіреді?

Ағымдағы  жылдың 13 тамызына дейін идентификациялық нөмірі болмаған жеке куәліктерді ауыстыру жүріп жатқаны белгілі. Бұл не үшін жасалып жатыр? Жалпы, идентификациялық нөмірдегі 12 сан нені білдіреді?

Нұрғайша АСЫЛБЕК, Алматы облысы

 

Әділет басқармасы мамандарының айтуы бойынша,  идентификациялық нөмір толығымен енгізілгеннен кейін (13 тамыз 2010 жыл) СТН мен ӘЖК қолданыстан шығарылады. Олардың рөлін жеке куәліктегі 12 саннан тұратын идентификациялық нөмір атқаратын болады. Идентификациялық нөмір төрт бөліктен тұрады. Бірінші бөліктегі алты сан азаматтың туған жылын, айын, күнін көрсетеді. Екінші бөлігі бір саннан тұрады. Егер ол сан тақ болса, онда құжат ер адамға тиесілі, ал жұп болса – әйел адамға. Мысалы, 1 және 2 саны ХІХ ғасырда дүниеге келген адамдарға тиесілі болса, 3 және 4 саны – ХХ ғасырда туғандарға, ал 5 және 6 саны ХХІ ғасырда дүние есігін ашқандарға тиесілі екен. Үшінші бөлігі келесі төрт саннан тұрады. Бұл –  жүйедегі тіркеу реттік нөмірі. Соңғы сан – бақылау саны және ол автоматты түрде анықталады. Идентификациялық нөмір еш қайталанбайды. Ол – саусақ іздері сияқты дара.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста