Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесінде қазақтың қандай хандары мен билері жерленгені туралы ақпарат берсеңіздер екен...
Әділ, Жамбыл облысы
V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған Түркістан қаласының тарихы Есім ханның билікке келуінен бастау алады. Бұл қала XІV-ХVIIІ ғасырлар арасында Қазақ хандығының астанасы болды. Сондықтан да ХІV ғасырда Ақсақ Темірдің бастамасымен іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде көптеген арыстарымыз жерленген. Мәселен, кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр секілді хандар, билер және батырлардың мүрдесі жатыр. Қазіргі тарихшылар жалпы Түркістан қаласының іргетасы біздің заманымыздың 1 мыңжылдығының бас кезінде каланғанын айтады. Өйткені бұл қаланың айналасында тас дәуірі ескерткіштері өте көп. Ол жәдігерлер бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Демек, бұл қаладан біздің бергі тарихымызды былай қойып, арғы тарихымызға қажетті жәдігерлер көптеп табылуы әбден мүмкін.
Ясауи кесенесіне қазақтың қандай тұлғалары жерленген?
Последние статьи автора