Халықаралық қатынаста Ялта-Потсдам жүйесі деген тіркесті естіп қаламын. Мұның мағынасы қандай?
Еркін СЕЙДАХМЕТ, Алматы облысы
Ялта-Потсдам жүйесі дегеніміз – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ялта(4 — 11 ақпан. 1945) мен Потсдам (1945жыл, 17 маусымнан 2 тамызға дейін) қалаларында өткен конференциялар нәтижесінде бекітілген әлемдік тәртіптің жаңа көрінісі. Аталған жиында халықаралық қатынастың жаңа жүйесі ретінде АҚШ пен КСРО төрелік ететін биполярлы әлемнің негіздері қалыптасқан болатын. Оны кейде «Потсдам дәуірі» деп те атайды. Себебі бұған дейін барша әлем екі мемлекеттің ықпал ету аймақтарына жасанды түрде бөлініп көрген емес. Әлемнің қосполярлы тәртібі тарихта «қырғи-қабақ» соғыс деп аталып кеткен, капиталистік және социалистік лагерьлердің арасындағы текетіреске алып келді.
Ялта-Потсдам жүйесі және қосполярлы әлем
Последние статьи автора