Ғылыми атағы үшін төленетін қосымша ақының мөлшері қандай?
Ғалым САРБАСОВ, есепші
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 52-бабы, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемеде ұстаздық ететін қызметкерлердің негізгі жұмыс орнында қосымша ақы төлеу қарастырылған:
• Философия докторы деген дәрежесі және кәсібі бойынша докторлығы үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;
• Ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы, ғылым докторы деген атағы үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде.
Ғылыми атағы үшін төленетін қосымша ақы жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты болмайды.
Мереке және демалыс күндері ҚР Еңбек кодексінің 128-бабына сәйкес, қызметкердің күндік жүктемесін есепке ала отырып, екі еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді.
Ғылыми атаққа да ақша төленеді
Последние статьи автора