Гүлмен де емделуге болады

Гүлмен де емделуге болады

Гүлдің емдік қасиеті бар деп естідім. Сонда қай гүл қандай ауруға ем екен және оны қалай қолдану керек? Медицинада ол қашаннан бері қолданылып келе жатыр?

Гауһар СҰлтанқызы, Алматы

Гүлдің осынау ғажап қасиетін ерте байқап, емдік салада қолданған қытай елі. Бірақ олар сан ғасырлар бойы мұны өзгелерден құпия ұстап келген. Сондықтан тек ХХ ғасырда, дәлірек айтсақ, 1933 жылы ғана әлемдік медицинада гүлмен емдеуді ғылыми жаңалық қылып ашқан ағылшын дәрігері Эдвард Бах болды. 38 түрлі гүлдің қосындысынан адам бойындағы түрлі стрестер, фобия (үрей) мен эмоциялық артық жүк және шаршау, тітіркену, үнемі тұнжырап жүрудің бетін қайтаратын емнің осы түрін «Бах эссенциясы» деп атаған. Сонымен, әр гүлдің емдік қасиетіне келсек:

Алқызыл роза – сіздің энергияңызды арттырады, бүйрек бездеріне ем.

Сарғылт түсті дәстүргүл (маргаритка) – адамның иммундық жүйесін қалыпқа келтіреді, өкпені емдейді. Сары түсті күнбағыс – мидағы ауруларды емдеп, ойлау қабілетін жақсартады.

Жалпы, өсімдік атаулыға ортақ жасыл түс – жүрек қағысын реттеп, тыныс алуды жақсартады.

Көк түсті гүлдер – ұйқы гормоны мелотонинді көбірек бөліп, біздің жүйке жүйеміздегі ауытқуларды қалыпқа келтіреді. Әсіресе, көгілдір түсті қоңыраугүлдердің ағзаға пайдасы орасан зор. Көк түсті гүлдер, сондай-ақ қалқанша безі гормондарының жұмысын жақсартады.

Мұнымен қоса, бүгінде гүлдерден түрлі салаттар мен сусындар да жасалады. Атап айтқанда, мейрамханаларда лалагүлдің салатын, раушан гүлдің сусынын кездестіруге болады. Ал жапырақтар мен асқабақты ұсақтап турап, фаршқа пайдаланады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста