Гүл сыйлай білесіз бе?

Гүл сыйлай білесіз бе?

Түрлі мерекелерге сәйкес кімге қандай гүл сыйлаған жөн? Гүл сыйлау этикасы туралы жазсаңыздар.
Гүлбаршын Серғазықызы,
Алматы қаласы

Сұраққа «Гүлстан» журналының тілшісі Арай Айып жауап береді:
– Кез келген гүлді сыйлағанда, сырт көзбен оның түсіне, сабағының ұзындығына, гүлдерінің пішініне қарау керек. Ақ түсті гүлдер адамның көңіл күйін көтереді, сары түсті гүл – жылу мен жарықтың белгісі, күлгін түс – кеңдік пен сенімділікті, қызыл түс мерекелік көңіл күйді сипаттайды. Тұрмыс құрмаған жас қыздарға гүлі әлі толық ашылмаған, жұпар иісі бар, сары немесе күлгін түсті раушан, меруертгүл, ақ түсті бақытгүлін сыйлайды. Жас келіншектерге гүлі толығымен ашылған, алқызыл түсті раушан, баршынгүл, қызғалдақ, ашық түсті қалампыр, бақытгүлін, нарғызгүлін сыйлайды. Қызбен алғашқы кездесуде бойжеткенге бір түстен құралған бір түрлі гүл апарған дұрыс. Сондай-ақ гүлкекіре, дәстүргүл, түймедағы және мол гүлдеген шегіргүлдер өте жарасымды. Ал мерейтой мен жаңа бір кәсіпорынның ашылу салтанатына он шақты данасы буылған ақ түсті баршынгүлді сыйлайды. Неке қию салтанатына ақшыл сары түсті раушан, ақ немесе күлгін түсті қалампыр, ашық түсті гербераларды тарту етеді. Қалыңдықтың шешесіне 8 Наурыз, туылған күн немесе басқа да мерекелік күндерде күйеу жігіт гүлдері тік орналасқан лалагүл, аққанат, бақытгүлін сыйлайды. Аналар мен әжелерімізге алқызыл раушан, түсі сары бақытгүлі немесе ашық түсті қызғалдақ тарту еткен жөн. Нәресте туылғанда анасына – күлгін немесе қызыл түстегі раушан гүлін қалампыр, фрезияны сыйлайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста