Голощекин – жеті рет сотталған адам

Голощекин – жеті рет сотталған адам

Қазақ даласына қасірет төндірген Голощекин кім болған? Қазақстанға келмей тұрып ол қандай қызметтер атқарған?
Мекен,
Ақтөбе қаласы
Қазақты қынадай қырған Филипп Исаевич Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келген. Ол 1903 жылдан бастап саяси ұйымдармен етене араласа бастады. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады. 1918 жылдың ақпанынан бастап Орал әскери комиссары болады. Сол жылы Орал облыстық кеңесінің құрамындағы солшыл революционерлер Романовтар билігін құруды талап етеді. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Орал облыстық кеңесінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйін­де қамал­ған ІІ Николай патша атылды. Го­ло­щекин 1929 жылдың сәуір-маусым ай­ла­рында Түркістан әскери-революциялық кеңесінің мүшесі, ал тамыздан бастап Че­лябі губерния­лық ревкомының төрағасы бол­ған. 1920-22 жылдары Башқұртстанда, Кос­тромада түрлі шаруашылық қызметін ат­қар­ды. 1923 жыл­дың қыркүйегінен Қа­зан­ға келгенге дейін Сама­ра губерниялық ат­қа­ру комитетінің төр­ағасы болып жұмыс іс­те­ді. Кейін Қазақ­станға келе сала, Голо­ще­кин бірден өзінің жымысқы саясатын жал­ғас­тырды. Оның командалық-әкімшіл­ік жұмыс әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық қарсылық та көбейе бастады. Міне, осы тұста Голощекин оппо­зи­ция қанатын бірден қырқу үшін жаңа сая­си бағытты дәлелдеп, Ста­линге хат жол­­дайды. Көп ұзамай Сталин оның аран­датушылық саясатына тоқтаусыз жол ашып бере­ді. Міне, осы тұстан бастап Голощекин­нің саясатына қарсы шыққандарға неше түр­лі жала жабылып, ауыр жазалар қолда­ны­ла бастады. Алаш қайраткерлерінің со­ңы­на шам алып түсушілер көбейді. Елдегі жағ­дай ауырлап, ашаршылықтың зарда­бы­нан ха­лық­тың үштен екі бөлігі қырылып қалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста