Гибралтар – УЕФА-ның жаңа мүшесі

Гибралтар – УЕФА-ның жаңа мүшесі

Мен Гибралтарды жай ғана бұғаз екен деп жүрсем, мұндай ел де бар екен ғой. Тіпті бұлар УЕФА-ға мүше болғысы да келеді екен. Бұл сыбыс қаншалықты рас? «Кәртамыс құрлық» қауымдастығы көбейді ме?
Нұртөре СЕЙІТЖАНҰЛЫ,
Алматы облысы
Иә, Гибралтар – бұғаз ғана емес, тұтас бір мем­лекет. Ұлыбритания патшалығының иелігінде. Аумағы 6,8 шаршы шақырымды ғана құраса, халқы 30 мың адам ғана. Дегенмен соған қа­рамастан, өздерінің футбол федерациясы бар. Сонау 1905 жылы құрылған. Аяқдоптан ұлттық біріншілігі де өтіп тұрады. Соңғы ел чемпионы – «Линкольн» командасы. Ол ештеңе емес, жақында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен УЕФА-ның кезекті жиынында Гибралтар футбол федерациясы аталмыш қауымдастыққа мүше 54-мемлекет болып тіркелді. Рас, әлі толық мүшесі емес. Бірақ бұл уақыттың еншісіндегі мәселе. 2013 жылдың мамырында Англия астанасы Лондонда өтетін УЕФА-ның кезекті мәслихатында Гибралтар толық мүшелікке алынып, келесі маусымнан бастап клубтары еурокубок дода­ларына қатыса бастайды. Ал ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсететін болады. Айта кетейік, негізі, УЕФА мүшелігіне өту туралы өтінішті Гибралтар 2007 жылы жіберген болатын. Бірақ ол акезде Еуропа футбол қауымдастығы бұл елді мемлекет ретінде мойындамаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста