Газ қауіпсіздігі. Нені білген жөн

Елімізде соңғы жылдары тұрмыстық жағдайда газ баллондарын пайдалану ережелерін дұрыс сақтамағандықтан туындаған төтенше оқиғалар саны сиремей тұр. Бүгін тағы бір отбасы осы немқұрайлылықтың кесірінен ажал құшты, деп хабарлайды  Alashainasy.kz  BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

 

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының тірегі мен үш сәбиі газдан уланып,қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үй иесі газ пешіне 25 литрлік газ балонын өз қолымен қосып, ұйықтап қалған. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан.

 

Тұрмыстық газдың жарылуына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті газ аспаптарын пайдалану және оларға күтім жасау ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы қанша ескертсе де, құлақ асар халық аз. Газ баллонын пайдаланғандар тек өз өміріне ғана емес, айналасындағылардың өміріне жауапты екенін ұмытпағаны абзал. 

 

 Назарларыңызға газ аспаптарын пайдалану және оларға күтім жасау ережелерін ұсынамыз:

 

1.    Газ жабдықтарын орнатуды, жөндеуді білікті мамандарға тапсырыңыз;

 

2. Газ баллонын желдетілетін жерде, тек тік күйде сақтаңыз;

 

3. Баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз;

 

4. Жақын жерде от, ыстық көмір, электр аспаптары қосылған кезде газ баллонын ауыстырудан аулақ болыңыз;

 

5. Пайдаланылмайтын баллондарды үй – жайдан тыс жерде сақтаңыз;

 

6. Үй – жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді     дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр аспаптарын қоспау, телефон сымы мен розеткаларды тартып алу керек;

 

7. Егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды «101» немесе «112» телефоны бойынша хабарласу керек!

Аида Батырбекқызы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста