Өзге ғаламшарлардан, аспан денелерінен пайдалы қазбалар өндіруге болатыны жайлы айтылып жүр. Қазіргі адамзаттың шынымен ғарышта осындай өндіріспен айналысуға мүмкіндігі бар ма?
Абзал Сатаев, Көкшетау қаласы
Ғалымдар бағалы металдар мен минералдарды Жерден ғана емес, өзге ғаламшарлар мен астероидтерден де өндіруді ұсынып отыр. Ғарыш кеңістігін өнеркәсіп мақсатына пайдалануды 10 жылдан соң бастауымыз мүмкін.
ВВС-тің хабарлауынша, дәл қазіргі мезгілде бұл мәселе Сиднейде талқыланып жатыр. Тың бастаманы ғылыми қауым мен ірі өнеркәсіптік компания жетекшілері көтерген. Ғалымдар зор шығындар мен техникалық қиындықтарға қарамастан, өзге аспан денелеріндегі минералдар мен бағалы металдар кеніштерін барлауды 2023 жылға қарай қолға алуға болатынын айтады. Робот техникасының дамуы Ай мен кейбір астероидтардағы пайдалы қазбалар орындарын Жерден барлауды жеделдетуі мүмкін.
Ғарыштан пайдалы қазба өндіру мүмкін бе?
Последние статьи автора