Ғалымдар ғарыштағы сынақтарға жануарларды көп ұшырады. Менің білгім келетіні – жануарлардың қай түрлері ғарышта болған?
Рауан Отыншиев, Алматы қаласы
Ең алғаш ғарышта болған жердегі жанды тіршіліктің өкілдері дрозофил шыбындары болатын. Оларды 1946 жылы америкалықтар ұшырды. Тек осыдан кейін барып қана сүтқоректілердің кезегі келді. 1948 жылы америкалықтар баллистикалық ракетамен макака маймылын ұшырды. Оның аты Альберт болатын. Бірақ ол тірі қайтпады. Артынша қатарынан үш маймыл ұшып, олардың соңғысы ғана тірі қайтты. Кеңес ғалымдары жанды мақұлықтардың арасынан итті таңдап алды. Алдымен Лайка, артынша Белка мен Стрелканың тағдыры көпшілікке аян. Француздар 1968 жылы мысықты ұшырды. Ірі денелі жануарлардың арасынан шимпанзе ғарышта болды. Ал шалғай ғарышқа ұшырылған алғашқы жануар тасбақа болатын. Қазіргі кезде ғарышқа бақа, балық, егеуқұйрық, ара, қоңыз, өрмекші сынды жануарлар ұшырылып жатыр.