Осы Үндістанның ұлт көшбасшысы болған Махатма Гандидің есімімен байланысты гандизм ұғымы айтылып жатыр. Оның мәні қандай?
Мархабат, Алматы облысы
Гандизм – діни-философиялық, қоғамдық-саяси ілім, Үндістан буржуазиясы мен империализмге қарсы қозғалыстың идеологиясы. Философиядағы Гандидің ұстаған жолы – объективті идеалистік бағыт. Оның түпкі негізі – Құдайдың хақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою. «Мен үшін ақиқат – ең басты принцип. Ол ақиқат – Құдай» дейді Ганди. Оның пікірінше, ақиқат гносеологиядан гөрі діни адамгершілік категориясына жатады. Оған қол жеткізу тек адамның өз бетімен жетілуі, «ізденуі» және ақиқатты өз ісінде жүзеге асыруы арқылы болмақ. Гандизм қоғамдық-саяси проблемаларды адамгершілік тұрғысынан қарауға көп көңіл бөледі. Ганди ұсынған ұлт бостандығы үшін күрестің негізгі тактикасы – «Сатьяграхани», осы зәбірлемеу принципіне сүйенеді. Үндістанның ағылшын үстемділігінен босанып, тәуелсіз болуы («Свардж» – өзін-өзі басқару) тек зәбірлемейтін шаралар арқылы іске асырылуы керек деп үйретеді Ганди. Зәбірлемеу концепциясы гандизмде біраз өзгеріске ұшырағаны да белгілі. Гандидің өзі «зәбірлемеуді» күнделікті мәселелерді шешудің жан-жақты құралы деп білгені мәлім. Солай бола тұрса да, Үндістанды Жапонияның басып алу қаупі туғанда оған тойтарыс беру үшін қарулы күш жұмсауды қажет деп білген де осы Ганди болатын. «Сатьяграханиды» іске асырудың мықты шартының бірі Үндістан қауымындағы барлық таптардың достық, ынтымағында деп білді Ганди.
Гандизмнің мәні не?
Последние статьи автора