Ғалымдар қызғаныштың пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Frontiers in Ecology and Evolution журналына сілтеме жасап ria.ru жазады.
Дейвистегі Калифорния университетінің ғалымдары ұзақ романтикалық байланыстар кезінде қызғаныштың пайдалы болуы мүмкін екенін айтады.
Ғалымдар қарым-қатынасқа берік әрі өз мекенін жанын салып қорғайтын секіргіш маймылдарға тәжірибе жүргізген.
Олар еркек маймылдарға өз жұптарының басқа еркек маймылдармен ойнап жүргенін көрсетеді. Сонымен қатар, еркек маймылдардың тағы бір тобына дәл осындай жағдайдағы басқа ұрғашы маймылдарды көрсеткен.
Тәжірибе барысында маймылдардың миын сканерлеп, гормондары мен қанын тексерген.
Ғалымдар осы арқылы қызғаныштың мидың қай бөлігінде туындайтынын және мұның ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатумен қандай байланысы бар екенін анықтайды.
Қызғаншақ маймылдарда әлеуметтік ауыртпалыққа (айрылысқанда, жалғыздықта және басқа жағдайларда) жауап беретін алдыңғы белдеулік қыртыс және эмоционалдық процестер мен стресс деңгейін көрсететін латеральдік қатпардың белсенділігі артқан.
Доктор Карен Бейлстың айтуынша, бұдан бұрынғы зерттеулер бұл қатпардың жұптар арасындағы байланысты қалыптастыруға қатысы бар екенін көрсеткен.
Жаңа зерттеулер болса мидың бұл бөлігінің арадағы қатынасты сақтаудағы рөлін анықтап отыр.
Осыған қарап, ғалымдар қызғаншақтық жай ғана жұптардың қарым-қатынасын сақтаудың эволюциялық тәсілі деген тұжырымға келіп отыр.