Әдетте ерлер салтанатты шараларда, кейбіреуі тіпті күнделікті жұмыста да ең қажетті аксессуарларының бірі – галстукті тастамай тағып жүреді. Менің білгім келгені, галстук ең алғаш қашан, қай елде пайда болды? Еуропада ма, әлде Азия елдерінде ме?
Әйгерім ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ, Семей қаласы
Алдымен «галстук» атауының шығу тегіне аз-кем тоқтала кетейік. Галстук немістің «нalstuch» – «мойын орағыш» деген сөзінен шыққан. Алайда галстуктің арғы тегі француздың «cravate» деген сөзінен бастау алады деген болжамдар бар. Бұл сөз француздарға хорваттардан енген көрінеді. Француздар мен хорваттардың арасында 30 жылға созылған соғыста француздарға хорват атты әскерінің мойындарына таққан орамалдары қатты ұнап, олардан «бұл не?» деп сұрайды. Сонда хорваттар бұл сұрақты «сен кімсің?» деп түсініп, «хорват» деп жауап берген екен. Француздарға осылай енген сөз кейін басқа Еуропа елдеріне де көше бастайды. Ал енді мойын орағыштардың шығу тарихына тоқталар болсақ, алғашқы галстуктер ежелгі Египетте пайда болыпты деседі. Мұнда мойынға тағатын түрлі геометриялық формадағы орағыштар адамның әлеуметтік мәртебесінен хабар беретін болған. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып галстук таққандар көне қытайлықтар екен. Алайда алғашқы галстуктер қазіргілерге мүлде ұқсамайтын. XVIII ғасырда мойын орағыштар галстук деп атала бастаса, кейінірек XIX ғасырда олардың пішіні қазіргілерге ұқсай бастады. Кейіннен тіпті бүкіл әлемде галстук тағу үлкен мәдениетке айналды.
Галстук ер адамның әлеуметтік мәртебесін білдірген...
Последние статьи автора