«Флешмоб» деген не?
Қазір ақпараттарды оқып отырсаң, әсіресе саяси жаңалықтарда «бәлен жерде флешмоб ұйымдастырыпты» деп жатады. Осы «флешмоб» деген не?
Индира Құралова, Алматы
Бұл – көпшіліктің қандай да бір оқиға, саяси шешімдерге қоғамдық пікірді білдірудің қарапайым, жедел және қауіпсіз әдісі. Белгіленген қоғамдық орынға бір топ адам санаулы ғана минуттарда тез жиналып, күні бұрын келісілген абсурдты, яғни таңғаларлық іс-әрекетті жүзеге асырып, сосын түк болмағандай тарап кетеді. Алайда ол қоғамға қандай да бір қауіп төндіретін іс-әрекет емес. Мәселен, 2006 жылы Белоруссияда сайлаудан кейін Минскінің орталық алаңына 30 шақты адам жиналып, алаңдағы үлкен монитордан Белоруссияның прокуроры сөйлеп жатқанда, көздерін байлап, демонстративті түрде экраннан бастарын бұрып тұрды. Біздің елімізде флешмоб туралы бірде-бір заңда көрсетілмегендіктен, оны қоғамдық наразылық тудыру акциясы деп танып, қатысушыларды жазаға тартып жүр. Бұл жерде басты мақсат – кейбір проблемаларға қоғамның көңілін аудару.