Флэшкасыз қазір қандай да бір істі елестету қиын. Кім ойлап тапты екен оны?
Жасын, Алматы қаласы
1984 жылы жапон ғалымы, Toshiba компаниясының өкілі Фудзио Масуока ойлап тапты. Алғашында сақтауыш құрылғының көлемі 1 МБ шамасында болды. Алайда энергия көзі болмағандықтан, ішіндегі мәліметтер жойылып кетіп отырды. Энергияға тәуелсіз құрылғыны ойлап табу арқылы мүмкіндігі шектеусіз екеніне көз жеткізген соң ғана ғалым 1984 жылы АҚШ-та өткен ғылыми конференцияда өзінің жаңа құрылғысын таныстырды. Болашағы зор жобаға Intel компаниясы өзінің 300 инженер, ғалымын жұмылдырды. Соған сай компания бүгін көшбасшы болып отыр. Флешканың мынадай негізгі түрлері бар:
1. CF(Compact Flash) – 1984 жылы шыққан ең алғашқы сақтауыш құрал. Көбіне кәсіби фото-видео құрылғыларында пайдаланылады. Өте шапшаң, берік құрылғының максималды көлемі 2008 жылы – 100 Гбайтқа, ал жылдамдығы 66 Мбайт/с дейін жетті.
2. MMC(Multimedia Сard) – көлемі шағын 24Ч32Ч1,4 мм болып келетін сақтауыш құрал.
3. MMCmicro – шағын көлемді, ұялы телефондарға арналған сақтауыш құрал. Көлемі – 14x12x1,1 мм.
4. SD Card (Secure Digital Card) – SanDisk, Panasonic және Toshiba компаниялары ұсынған өнім. SD картасы MMC-тен кейін жетілдірілген жалғасы болып табылады. SD Card авторлық құқыққа баса мән берген. Заңсыз көшіруден, ақпараттың кездейсоқ өшіп қалуынан қорғалған.
Флэшка кімнің идеясы?
Последние статьи автора