Фестиваль бағдарламасы қандай?

Таяу күндерде дәстүрлі орындаушылардың «Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивалі өтетін көрінеді. Фестиваль бағдарламасына нақтырақ тоқталсаңыздар екен.
Гүлжан ҚАЙЫРҒАЛИ,
Талдықорған
«Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы, 2012» жылы аясында ұйым­дастырылып отырған дәстүрлі орын­даушылардың «Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивалі бүгін кешкі сағат18:00-де Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өтеді. Концертте ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Е.Шүкіманов, А.Алматов тәрізді дәстүрлі әншілер мен ҚР еңбек сіңір­ген әртісі А.Үлкенбаева, ҚР мәдениет қайраткері Ж.Жүзбаев сынды дәстүрлі күйшілер және түркітілдес елдердің өнерпаздары өнер көрсетеді. Кон­церт­тік бағдарламаға Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Тәттімбет сияқты танымал дәулескер күйшілердің күйлері және қазақтың дәстүрлі әндері енгізілген.
Концертке ТҮРКСОЙ-дың, Түркітіл­дес елдердің ЮНЕСКО істері жө­ніндегі Ұлттық комиссиясының, Ха­лықаралық дәстүрлі музыка ұйымы­ның басшылығы және шетелдерден музыка зерттеушілері қонақ ретінде шақырылып отыр.  Іс-шараның бас­ты мақсаты –  әлемдік музыка өне­рі­нің дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазақ және түркі халық­та­ры­ның дәс­түрлі музыкасын, соның ішінде әні мен күйін жан-жақты на­сихаттау, дәстүрлі музыкаға жүйелі түрде қам­қорлық жасау және түркі халықтары арасындағы мәдени байланысты жақындата түсу болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста