"ЕШНӘРСЕ ІСТЕГІҢІЗ КЕЛМЕ МЕ? Ондай "дерттің" ДӘРІСІ бар

Әр адамның өмірінде апатиялық кезең болады. Түрлі жағдай, ой, мәселе қажытқанда адамның қолы жұмысқа бармай қалады. Психологтар арман-мақсат, жоспарлардан ешнәрсе шықпайтынын ойлаған адам үшін ешқандай мән қалмағандай болып, апатиялық күй кешеді дейді. Ертеңгі күніне жоспары жоқ адам да көбіне осындай әрекетсіз күйде болады екен. Бұндай күйге апаратын себептер қайсы? Бұл туралы ERNUR.KZ порталында жарияланды.

СЕБЕПТЕРІ

1. Жалқаулық

Егер кешке көп жоспар құрып, ал таңертең ұйқыдан тұрғанда «дүйсенбіден бастаймын» деп кейінге қалдыра беру әдетіңіз болса, бұл жалқаулық. Таңертең әр 5-10 минут сайын оятқыш қоңырауын сөндіріп, «Сәл ұйықтайыншы, сосын тұрам» деу де жалқаулықтың белгісі.

Бұл әдеттерден құтылмасаңыз, ұсақ-түйек жұмыстардың өзіне мойныңыз жар бермейтін еріншекке айналасыз. Ал еріншектіктен уақытқа ілесе алмай бір күні түк бітірмегеніңізге өзіңізді жазғырып, апатиялық күйге түсесіз.

2. Эмоционалды күйреу синдромы

Бұл жұмыс істеуге, табыс табуға, жалпы ертеңгі өмірге қызығуға себептің қалмауы. Сізді осындай күйреуге түсірген себеп болды ғой, ендеше сіз де себеп табу арқылы эмоциналды күйреу синдромын жеңе аласыз.

Себеп табу керек немесе оны қолдан өзіңіз жасаңыз. Мысалы, ипотекаға баспана алыңыз. Ай сайын ипотекалық несие қарызын төлеу үшін өзіңіз-ақ жұмыс істеп, күйзелісті ұмытып кетесіз. Немесе несиеге жиһаз, басқа да қажетті заттар рәсімдеуге болады. Бұл да адамды әрекетке көшіреді.

3. Күйзеліс

Бұл өте қауіпті дерт. Бір жаманы, ол әр түрлі «формада» кездеседі, ажырату қиын. Кез келген күйзеліс көңіл күйге, ойлау қабілетіне, ағзаның күйіне кері әсер етпей қоймайды.

Бәрін-бәрін баяулатып, матап байлап тастайды. Соңында адам апатиялық күйдің қамағына түседі.

Кез келген күйзелістің емі – көпшілікпен араласу, сыртқа шығу, жүру, қимылдау.

4. Өзіне не керек екенін білмеу

Әркімнің сөзіне еретін адамға біреудің таңдап берген киімін, жарды, мамандығын, өмірін ұнатпайтын күн тумай қоймайды. Сол кезде өзіндегі барлық нәрсе «басқа біреудікі» сияқты түйіліп, қызығушылығы біртіндеп жоғала бастайды.

Осы кезде ол апатиялық күйге түседі. Өз ой-пікірін, өзіндік «мен»-ді қалыптастыру қажет. Ол үшін армандауды үйренген жөн. Өзін-өзі іздеп табуы керек. Осы ізденіс жолында, армандарына жетуге кіріскеннен соң апатиядан шығу жеңілдейді.

5. Аз нәрсені қалау

«Шүкір, осы да жетеді», «Осы күніме де қуаныштымын» дейтін аса қанағатшыл адам орта жастан асқанда өмірінің зая кеткеніне өкінеді. Жас кезде еңбек етпегеніне, қуаты тасып тұрғанда қалауларына қол созбағанына күйінеді. Өкініш пен күйініш ұзақ уақытқа созылса, адам апатияға арбалады.

Көп нәрсені қалаңыз. Өзіңізді ең жақсы нәрселерге лайықтымын деп санаңыз. Өз бағаңызды өзіңіз көтеріңіз.

Психологтардың айтуынша, апатияға түсіретін негізгі себептер осы. Әрине, бұл тізімді жалғастыруға болады. Бірақ барлық себептің дәрісі – қимыл-қозғалыс, әрекет, бір нәрсемен шұғылдану екенін өзіңіз де байқаған боларсыз.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Қимыл әрекетіне көшіп еңбектену үшін адамның көбісі мотивация іздеп әуреленеді. Психологтардың пікірінше бұл қате. Ешнәрсеге зауқы жоқ адамға мотивация емес, ең бірінші ниет қажет. Апатиядан шығуға деген ниетіңіз болса, орныңыздан тұрып өмір сүру үшін әрекеттенесіз. Ыдыс жуыңыз, үй тазалаңыз, тамақ даярлаңыз, дүкен аралаңыз, шомылыңыз т.б. Әйтеуір қозғалыс, қимыл әрекеттері қажет-ақ. Иә бұны еңбек дейді. Бір сөзбен айтсақ, «Ешнәрсе істегім келмейді» дертінің емі – еңбек қана. «Еңбек – бәрін жеңбек» деп бекерге айтылмаған, ол апатиялық күйді де жеңе алады.

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста