Ауылға барғанда атқа мініп көргеніміз болмаса, жылқыға қатысты шаралар мен атауларды білмейтінімізді мойындауымыз керек. Мысалы, жылқының жал-құйрығын қай уақытта және қалай күзейді?
Жаңаберген ДОСПАН, Астана
Әдетте, тай, құнан, құнажын, байтал және қысыр қалған биелер күзеледі. Күзеуге сәуір айы орталаған соң, бір ашық күнді белгілейді. Тай күзеу еркек, ұрғашысына қарамай, жалы уыс толар шоқтық қалдырып, қалғаны сыпыра күзеледі. Байтал күзегенде кекілі мен жалы құнанша күзеледі. Құйрығының жоғарғы жағынан «жол көрсетер» екі кертік қалдырады да, құйрық шыбығын «шыбын қағар» шашақ қалғанша сыпыра күзейді. Құнан күзеуде кекілін шырпып қана теңестіріп қояды. Құйрығы күзелмейді, жалы тай кезіндегідей сыпыра күзеледі. Қысыр күзеуде қысыр қалған биенің кекілін төгілте қалдырып, жалын сыпыра күзейді. Құйрығын жоғары жағынан үш бунап күзеп, ұшын шырпып қана тегістейді. Соғым малын күзеуде ат болсын, бие болсын соғымға арнап жіберерде жалын сыпыра күзеп, құйрығын тірсегінен шорт кеседі. Тұлданған атты күзеу ертедегі рәсім бойынша иесі өлсе, мінген атын иесінің жылында сою үшін жал-құйрығын күзеп жібереді. Тұлданған аттың кекілін жоғары көтеріп, мықтап түйеді де, ұшын бірдейлестіре шырпиды. Тұл атқа ешкім мінбейді.
Жылқының күзелген қылына түйенің шудасын, қойдың жүнін қосып арқан, шылбыр еседі және мұндай жіп-арқан өте мықты болады.
Ертеде жылқы күзеу мерекеге айналған
Последние статьи автора