Жақында спутниктік телеарналардың бірінен ергежейлілер циркін көріп, керемет әсерде қалдым. Бірақ біртүрлі жаным ашыды. Табиғатынан талантты сол адамдар не себепті осындай күйге түсті екен? Сонда кезінде оларға көмектесуге мүмкіндік болмағаны ма?
Бекзат БАТЫРХАН, Талдықорған қаласы
Сенімді дереккөздерге жүгінсек, бүгінде бойдың өспей қалуына себепкер болатын синдромдардың екі мыңнан астам түрі бар. Кейбір жағдайларда бұл сүйек ауруының салдарынан болады. Әдетте, ондай адамдардың басы шамадан тыс үлкен де, аяқтары әдеттегіден тыс қысқа болып келеді. Сырқатқа негіз болатын келесі бір нәрсе ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы болып табылады. Жасының үлкендігіне қарамастан, мұндай диагнозды науқастардың бойлары алты-жеті жастағы баланікіндей болады. Сонымен қатар ергежейлілік жүре пайда болуы да ықтимал. Мысалы, гипофизге жасалған операциядан кейін. Сондай-ақ жүрек талмасы, диабет аурулары да бала бойының өсуін тежеуі мүмкін. Өкінішке қарай, ергежейліліктің туабіткен формаларының басым көпшілігі емдеуге келмейді.
Ергежейлілік емделе ме?
Последние статьи автора