Ербол мен Ләззатқа арналған ескерткіш бар ма?

Ербол мен Ләззатқа арналған ескерткіш бар ма?

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысты ескерткіш ашылғанын білемін. Бірақ басқа қалаларда Тәуелсіздік алуымызға мұрындық болған осы көтеріліске қатысты немесе желтоқсандықтарға арналған ескерткіштер бар ма?
Арайлым,
Ақтау қаласы
2006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Елбасының өзі қатысып, «Желтоқсандағы оқиға – Қазақстан Тәуелсіздігінің жаршысы» деген болатын. Бұл ескерткіш Алматы қаласы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Соны­мен бірге Желтоқсан оқиғасының 10 жыл­ды­ғына орай Төле би көшесінің бойында Халық Қаһар­маны Қайрат Рысқұлбековтің ескерткіші қойылған. Ол Алматыда сотталған соң, Семей түрмесіне әке­лін­ген болатын. Қазір Семей қаласында оның атында мектеп пен мұражай бар. Ескерткіші орнатылған. Тараз қаласында да Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар және онда батыр ұлдың ескерткіші қойылған. Ал Өскемен қаласында Желтоқсан көте­рі­лісінің алғашқы құрбандарының бірі Сәбира Мұха­метжановаға өзі оқыған педагогикалық колледж­дің бұрышына ескерткіш тақта қойылды. Алматы облысы Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көте­рі­лісінің құрбандары – Ләззат Асанова мен Ербол Сыпа­таевқа арналған ескерткіш бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста