Ерасыл мен Кәусар әлі көш бастап келеді
Былтыр ер балалар арасында Ерасыл деген есімнің өте көп қойылғаны айтылып еді. Биыл да солай ма?
Ғазиза, on.kz тұтынушысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарасақ, Ерасыл, Кәусар есімдері бүгінгі нәрестелерге қойылып жатқан есімдердің көшін әлі бастап келеді. Биылғы 1 мамыр мен 1 маусым аралығының өзінде Ерасыл есімі 286 сәбиге, Кәусар есімі 317 қыз балаға қойылып, өзге есімдерден озып тұр. Ер балалар арасында көп қойылған ныспылардың ондығын Ерасыл, Нұрасыл, Әлихан, Нұрислам, Санжар, Диас, Мирас, Максим, Азамат, Никита есімдері құрайды. Ал қыз балаларға Кәусар, Аружан, Айару, Аяулым, Інжу, Диана, Айзере, Айша, Іңкәр, Медина аттары жиі қойылған. Қазіргі уақытта негізінен ұл балаларға Елбасының есімінде бар «нұр» түбірі қосылған есімдерді қою дәстүрге айналып келеді. Дегенмен қамшыұстарлар арасында Қабанбай батырдың шын аты – Ерасыл есімін иеленгендер көп.