Біз қазір түрлі энергетикалық сусындар ішуге әуеспіз. Бұл сусындардың адам ағзасына зиянды екені бүгінде дәлелденіп те отыр. Осы энергетикалық сусындарға заң жүзінде тыйым салған ел бар ма?
Ардақ МЕЙІРБЕКҰЛЫ, Алматы облысы
Энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны барын ескерген бірқатар ел энергетикалық сусындарды өндіруге қазір де тыйым салып отыр. Мәселен, АҚШ-тың тамақ өнімдері мен медикаменттердің сапасына санитарлық бақылау басқармасы (FDA) құрамында кофеині бар алкогольді ішімдіктерді өндірушілерге олардың өнімдері заңсыз деп хабарлайды. Бұл сусындардың құрамында түрлі қоспалар көп әрі федеральдық стандарттарға сәйкес келмейтіні нақтыланған. AFP агенттігі FDA бастығының орынбасары Джошу Шарфстейн «бұл өнімдерді өндірушілер, соның ішінде «Phusion Projects LLC», «United Brands Co», «New Century Brewing Co» және «Charge Beverages» компаниялары сусынның құрамындағы кофеин мен алкоголь адам денсаулығына зиянсыз екендігін дәлелдей алмайды» дегенді баса айтқан. Осындай мәлімдемеден соң АҚШ жоғарыда атап көрсетілген компанияларға энергетикалық сусындар өндіруге тыйым салды.
Энергетикалық сусындарға тыйым салған ел бар ма?
Последние статьи автора