Еңбекақы қалай есептеледі?

Мектептің шаруашылық істері меңгерушісіне еңбекақы қалай төленуі керек? Қандай G санаты бойынша?
Түймеш Құдыретова,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының мәліметінше, Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­дардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіп­орындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 Қаулысымен ( бұдан әрі – қаулы ) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызмет­керлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Қаулыға 1-қосымшамен Азаматтық қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісіне (соның ішінде шаруашылық) еңбекақы төлеу G-13 санаты бойынша жүргізіледі.
Бүгінге БЛЖ мөлшері 13613 теңгені құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста