Мен жекеменшік колледжде жұмыс істеймін. Колледжбен арадағы еңбек шартын әр жыл сайын жасауым керек пе?
Сара Төлеуғазина, Шығыс Қазақстан облысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшы мамандарының айтуына қарағанда, біріншіден, еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бүкіл мекемелер мен ұйымдарға (олардың ұйымдық-құқықтық және меншік нысанына қарамастан) қолданылатынын атап өткен жөн. Ал екіншіден, ҚР Еңбек кодексінің 29- бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, бұрын бір жылдан кем емес, белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
Бұл жағдайда еңбек шартын қайта жасаудың қажеті жоқ.
Еңбек шарты жыл сайын жасала ма?
Последние статьи автора