Мен желтоқсан айында 58 жасқа толамын. Бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілім 20 жылға толмай отыр. Осы орайда менің білгім келгені, зейнеткерлікке шыққанымда менің зейнетақым қалай есептелінеді?
Қатира ҚАСЫМОВА, Қарағанды облысы
Мемлекеттік зейнетақы тағайындау орталығы маманының мәліметінше, ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыруы туралы» Заңына сәйкес (бұдан әр – Заң), ер-азаматтарға 25 жыл еңбек өтілімен 63 жасқа, ал әйелдерге 20 жыл еңбек өтілімен 58 жасқа толғанда зейнетақы төлемдері тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгі еңбек өтілі есепке алынады және еңбек кiтапшасымен расталады. Ал еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
Толық еңбек өтілі болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына бар еңбек өтіліне пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi белгiленедi (негіздеме: Заңның 9-бабы 6-тармағы).
Айта кететін жайт – зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала үш жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт, жоғары және орташа арнаулы оқу орындары есепке алынады (негіздеме: Заңның 11-бабы 1-тармағы).
Еңбек өтілі толық болмаса, зейнетақы қалай есептеледі?
Последние статьи автора