Мен ауысыммен жұмыс істеймін. Екі күн демалсам, екі күн жұмыста боламын. Басшылар жексенбі күнді де есепке алып, еңбек демалысына шығарды. Бұл заңды ма?
Әлімхан КӨШКЕНБАЙҰЛЫ, Алматы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша, жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана тоқтатылады. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы атаулы мейрамдар есепке алынбастан, күнтізбелік күн бойынша жүреді. Ол жүйе ешқандай жұмыс тәртібі мен кестесіне бағынбайды. Осыған орай жексенбі күннен бастап жыл сайынғы еңбек демалысы беріле береді. Сондай-ақ жексенбі күндері еңбек демалысы ретінде санатқа кіреді.
Еңбек демалысының күнтізбесінде жексенбі күндерді есепке алу дұрыс па?
Последние статьи автора