Еңбек демалысына қосылатын экологиялық 7 күн үшін ақы төлене ме?

Еңбек демалысына қосылатын экологиялық 7 күн үшін ақы төлене ме?

Мұғалімдердің 56 күн еңбек демалысына экологиялық 7 күн қосылады. Осы 7 күнге ақы төлене ме, ол қалай есептелінеді?
Кәмила Оңғарова,
Шығыс Қазақстан облысы
ҚР «Білім туралы» № 319 Заңына сәй­кес, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым­дары­ның педагог қызметкерлері үшін – ұзақ­тығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйым­дарының педагог қызметкерлері үшін күн­тізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінің 103-бабына сай жыл сайынғы еңбек демалы­сы­ның жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары (соның ішінде экологиялық ) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосы­лады.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқсандағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» № 1394 қаулысымен айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа ай­лық жалақыны есептеу белгіленген қосым­ша ақылар мен үстемеақылар, сый­­лық­ақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ын­та­ландыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебі­нен нақты жұмыс істел­ген уақыт үшін жүргі­зіледі.
Қызметкердің орташа жалақысы орта­ша күндік (сағаттық) жалақыны оқи­ға ке­зеңіне сәйкес келетін жұмыс күн­дерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есеп­телінеді.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы бар­лық жағдайларда есепті кезеңде есеп­телген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік не­месе алты күндік жұмыс аптасы­ның жұ­мыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста