2010 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепке кітапханашы болып жұмысқа кірдім. Мамыр айында декретке шығам. Менің білгім келгені, еңбек демалысын декреттік демалысқа шыққаннан кейін алуыма бола ма?
Тұйғынай ОМАРОВА, Қарағанды облысы
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 104-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезеңі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне кіреді.
Еңбек демалысының ұзақтығы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне үйлесімді есептеледі.
Еңбек демалысын декреттік демалыс кезінде алуға бола ма?
Последние статьи автора