Мен мемлекеттік мекемеде төрт жылдан бері қызмет жасап келемін. Алла қаласа, ақпан айында жүктілікке байланысты декреттік демалысқа шыққалы отырмын. Менің білгім келгені, еңбек демалысын тек декреттік демалыстан кейін алуым керек пе, жоқ әлде қаңтар айында еңбек демалысын алуға құқым бар ма?
Фатима СҰЛТАНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезеңі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне кіреді.
Еңбек демалысының ұзақтығы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне үйлесімді есептеледі.
Сонымен бірге, кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Еңбек демалысын декреттік демалыс алдында алуға бола ма?
Последние статьи автора