Қазір декреттік демалысқа шықтым. Кезекті еңбек демалысын келесі жылы декреттік демалысым аяқталған соң алайын десем, жұмыс беруші «кезекті еңбек демалысын келесі жылы алсаңыз, сауықтыру ақысы күйіп кетеді» дейді. Осы заңды ма?
Майра, Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Осыған орай, егер сіз осы жылы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шықпасаңыз, сізге берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақы күйіп кетеді.
Еңбек демалысын декреттен соң алсам сауықтыру ақысы күйіп кете ме?
Последние статьи автора