Мен кезекті еңбек демалысында жүрген кезімде жұмыс беруші мені жұмыстан шығарып тастады. Бұл қаншалықты дұрыс, заң бойынша оның бұлай етуіне құқығы бар ма?
Гүлжан, Жезқазған қаласы
Заңгер Кәрібай Тасшабаевтың айтуынша, еңбек демалысы кезінде жұмыс берушінің бұлай әрекет етуі заңға қайшы болып табылады екен. Өйткені Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 55-бабында: «Жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi» делінген. Демек, осы бапқа сәйкес, сіздің жағдайыңызда жұмыс берушінің сізбен еңбек шартын бұзуына еш құқығы жоқ. Алайда уақытша еңбекке жарамсыздықтан кейін жұмыс берушінің сізбен еңбек қатынастарын бұзуына құқығы пайда болады.
Еңбек демалысы кезінде жұмыстан шығаруға болмайды
Последние статьи автора