Бір-біріне жылылық сыйлай алмаудың, мейірім, махаббатын бөлісе алмаудың салдарынан көптеген жұбайлық өмірдің мағынасы кетіп, тіпті, екіге айырылып жатады. Кейде өмірдің кішкене ғана қуанышын бағалай алмаймыз. Өмірлік жарыңыздың, сүйгеніңіздің бақыты үшін жанды жадыратар ұсақ-түйекке де мән беріңіз. Керісінше оның да сізге жасаған әрбір жақсылығын бағалаңыз. Ал егер ер азаматыңыздың бойынан мына қасиеттерді байқасаңыз, өзіңізді бақытты әйелмін деп санай беріңіз.
-Сізге сенсе
Егер жарыңыз сіздің іс-әрекеттеріңізге сеніммен қараса, күдіктенбесе – сіз ол үшін өте маңызды адамсыз.
-Сізге адал ма?
Сізден телефонын, әлеуметтік желідегі хаттарын, жалпы ештеңе жасырмайтын болса.
-Сіздің талғамыңызды білсе
Қандай фильмді, қандай әуенді ұнататыныңызды, тіпті, қандай шоколад жақсы көретініңізді де есінде ұстаса.
-Өзіңізге уақыт бөлуге кедергі келтірмесе
Егер сіз құрбыңызбен қыдырғыңыз келді, жалғыз қалғыңыз келді немесе шаштаразға барғыңыз келді делік. Жолдасыңыз оған қарсылық танытпаса, оның сізге үлкен түсінікпен қарағанын біліңіз. Анда-санда жалғыз қалған да тиімді.
-Сіз үшін айтулы күндерді есінде сақтаса
Ол маңызды күндерде, мерекелерде, ортақ мерамдарда ұмытпай құттықтайтын болса.
-Сіздің үнемі әдемі болуыңызға бар мүмкіндікті жасай ма?
Өзіңіздің дамуыңызға, қызметкер ретінде де, жеке тұлға ретінде де биікке өрлеуіңізге бар мүмкіндікті жасайды. Артық салмақ туралы әңгімеңізді де тыңдап, түсіністік таныта білетін, сонымен қатар, бойыңызға сенімділікті, батылдылықты ұялата білген жан болса.
-Әзілдеріңізге күлсе
Олар мүлде күлкілі болмаса да.
-Сенім артса
Өзіне сіздің адал екеніңізге күмән келтірмесе.
-Бірге күле білсе
Бірге көңіл көтеріп, әзілдесетін болсаңыздар.
-Сезіміңізді бағаласа
-Ол үшін сіздің қымбат адам екеніңізді жеткізе алса
Және оны сіз күн сайын сезінсеңіз.
-Мәселелеріңізді бөліссе
Үнемі ақыл-кеңесін айтып, қиын жағдайдан алып шығатын болса.
-Үй шаруасына көмектессе
Сіз одан үй жұмыстарына көмек сұрамайсыз, дегенмен кейде үлгермей қалуыңыз мүмкін ғой. Сондайда ұсақ-түйек дүниелерге қол ұшын созатын жан болса.
-Қиын кезеңде қолдай білсе
Сіздің жаныңыз ауырмас үшін, қайғырмауыңыз үшін қолынан келгенді жасаса.
-Жүзіңіздегі күлкіні бағаласа
Онда күнделікті жарыңызға күлкіңізді сыйлап тұрыңыз.
Ер азаматыңыз кез келген уақытта көңіліңізді қалдыруы, қаяу түсіруі әбден мүмкін. Идеалды ешкім жоқ. Бірақ оның сіз үшін жасаған әрекеттерін бағалай біліңіз. Тіпті, жоғарыда айтылғандардың бір-екеуін жасаса да сізге деген махаббатының белгісі екенін сезініңіз.