Тәуелсіздік алғалы бері сан түрлі наградалар мен ордендер пайда болса, олардың біршамасы жоғалып кетті, орын ауыстырды, жаңа наградалар енгізілді. Қазіргі мемлекеттік наградалардың үлкені қайсы?
Әсел ӘЛІМҒАЗЫҚЫЗЫ, Алматы облысы
Елдің елдігін танытатын рәміздер секілді мемлекеттің басты белгілерінің қатарына оның наградаларын да жатқызамыз. Қазақстанда адамдардың кәсіби біліктілігіне, белсенді азаматтық ұстанымына, еткен еңбегіне, шығармашылық жұмысына көрсетілетін наградалар саны аз емес. Бүгінде ең жоғары дәрежелі атақ ретінде «Алтын қыран», ал одан кейінгі кезекте «Халық Қаһарманы» ордендері танылады. «Алтын Қыран» орденімен Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткерлер марапатталады. Бұл орденнің иегерлері – Ұлыбритания королевасы II Елизавета, Ресей президенттері Б.Ельцин мен В.Путин, Өзбекстан президенті И.Каримов, Украина президенті Л.Кучма, Германия канцлері Г.Шредер, Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак. Ал «Халық Қаһарманы» орденіне 20-дан астам адам ие.
Бұдан бөлек 8 орден, 4 медаль, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атақтары, Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасы және көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградалары бар.
Ең үлкен награда – «Алтын Қыран»
Последние статьи автора