Бос байбалам салу әр адам өмірінде кездесіп жатады. Алайда мұндай жағдайға ұшыраса да, ұшырамаса да өздігінен мазасызданып тұратын адамдардың легі де жоқ емес. Олар үнемі уайымдайды, ренжиді, мазасыз күйге тез түседі.
Егіздер
Бұл ашық реалистер күткенді не артынан қуғанды мүлде ұнатпайды. «Қайғы-қасірет күту - ең жаманы» - бұл мақалды егіздер ойлап тапты десе де болады. Егер бұл белгінің адамдарында уақыт жоқ болса, онда олардың алаңдаушылығы қатты сезілуі мүмкін. Ал біршама күту олардың түрлі жағдайларды болжауына әкеп соқтырады. Олар өте эмоционалды, тым шыдамсыз келеді, алқызыл көзілдірік кигенді әсте ұнатпайды және де ақталуды мүлде түсінбейді.
Бикеш
Жұлдызнама белгілерінің ішіндегі ерекшелері. Мақсат-мұраттан ауытқу олардың ашулануына әкеп соқтырады. Олар үшін барлығы мүлтіксіз болуы тиіс. Сәл ғана орын алған сәйкессіздіктер бұл жұлдызнама белгілерінің қабағын кірбіңге салып қоятыны анық. Өзіне-өзі жақсы ие болатын бұл жұлдызнама белгілері шындығында ең байбалам салғыш белгілер болып есептеледі. Бикештер өмірде бірдеңеге үлгермей жатса, ауырып қалуы да ғажап емес. Олар үшін бәрі де мінсіз болуы тиіс. Бұған дайын болыңыздар!
Тоқты
Тоқтылар өте жауапты адамдар, қызба келеді. Тоқты бір нәрсеге жауапты екенін түсінсе, қобалжып, тыпырши бастайды. Кейде адам бұл жұлдызнама белгісінің қолынан істің келмей жатқанын сезсе, ол тіптен үрейлене түседі. Мұндай кездері тоқтыны тыныштандыру мүлде мүмкін емес, ол ашулы, оған өте қиын, ол «сенімді ақтай алмадым» деп өзін жазғырады. Адал тоқтылар-ай!
Арыстан
Бұл жігерлі және сәтті арыстандар айналаның өздеріне теңескісі келетіндерін әлдеқашан сезіп алған. Олар әрдайым үздіктердің қатарынан көрінгісі келеді, әрдайым бірінші болғысы келеді. Көптің алдындағы байқалған әлсіздігі оларды тығырыққа тіреп жіберетіні және бар. Әлсіздік, немқұрайлылық, аргументтердің жоқтығы, шабуылға қарсы тұру қабілетсіздігі – бұл себептердің бәрі дерлік арыстанның байбалам салуына әкеп соғады. Арыстандар қатерді үнсіз қабылдайтындардың қатарынан емес.
Дереккөз: moimozg.ru