Ең сауатсыз ел – Үндістан
Қазақстан халқының сауаттылығының көрсеткіші шамамен 98-99 пайызды құрайды делінеді. Менің білгім келетіні, әлемдегі сауатсыз адамдардың үлес салмағы қанша?
Қайрат САБЫРЖАНОВ, Тараз
Әлемдегі сауатсыз адамдардың үлес салмағы әр аймаққа келгенде әртүрлі көрсеткішке ие. Жалпылай алғанда, қазіргі кезде әлемдегі қандай да бір білімі жоқ адамдардың саны 771 миллионды құрайды. Олардың үштен екі бөлігі әйелдер. Жер бетіндегі сауатсыз адамдардың үштен екі бөлігі айналдырған тоғыз мемлекеттің тұрғындары екен. Атап айтқанда, әріп танымайтындардың 34 пайызы – Үндістанда, 11 пайызы Қытайда орналасқан, сондай-ақ Оңтүстік – Шығыс Азияда, Африка сахарасының оңтүстігінде және бірқатар араб елдерінде де сауатсыздар көп деп есептеледі. Бұл мемлекеттердегі ересектерден әрбір он адамның алтауы ғана жазу-сызуға, оқуға қабілетті. Әлемде мектепке бармайтын мектеп жасындағы бүлдіршіндердің саны шамамен 70 миллионды құрайды.