Күнделікті өмірімізде сыраның сапасын өзімізше анықтап жатамыз. Көбіне жарнамасына қараймыз. Негізі, ең сапалы сыра деп қандай өнімдерді айтады?
Жасұлан, Алматы қаласы
Сыра өндірісінің сапасын бағалау жөніндегі дүниежүзілік мамандандырылған қазылар алқасының мәліметі бойынша, әлемдегі ең сапалы сыраны Бельгия өндіреді. «Жоғарғы сапалы сыра» атағы биыл да, былтыр да бірауыздан Бельгияның Әулие Фейен аббаттығында қайнатылатын Saison көбікті сусынына беріліп отыр. Saison – құрамында 6,5 пайыз алкоголі бар, кермек дәмді, сүзілмеген сыра. Бельгияда жоғары сұранысқа ие бұл сусын сыртқы нарыққа да шығарылып, елдің брендіне айнала бастаған. Сапа жөнінен бұдан кейінгі орындарды Солтүстік Америка мен Австралияның ең таңдаулы сыра сұрыптары иеленеді.
Ең сапалы сыраны қай ел өндіреді?
Последние статьи автора