Әлемнің ең қорқынышты аттракциондары қай елдерде?
Ләйлім Дәуренқызы, Астана қаласы
Қатты жылдамдықпен сырғытып алып кетіп, адамның зәресін ұшыратын, сонысымен демалушыны керемет әсерге бөлейтін аттракциондар дүниежүзінің барлық түкпірінде аз емес. Дегенмен ең қорқынышты аттракцион деп жұртшылық Лас-Вегастағы The Big Shot әткеншегін айтады. Жерден 329 м биіктіктегі нысан адамдарды отырғызып алып, 50 м биікке тағы көтереді де, жерге құлдилатып кеп жібереді. Әткеншек сағатына 45 миль жылдамдықпен төмен сырғиды, бұл кезде адамдар астындағы орындығын сезбей, сөзбен жеткізу мүмкін емес қорқынышты сезімді бастан кешеді. Абу-Дабидегі Ferrari World аттракционындағы Formula Rossa пневматикалық шанасы болса, әлемдегі ең жылдам әрі ең үрейлі сырғанақ саналады. Әткеншек 240 км/сағат жылдамдықпен шырғалаң тәрізді жолдарды жүйткіп шығады, бұл кезде адамдар аударылып-төңкерілген әсерді бастан өткереді.
Ең қорқынышты аттракцион қай елде?
Последние статьи автора