Қазақстан көпұлтты мемлекет деп аталып жүр. Әлемде ең көпұлтты ел қай мемлекет?
Нұрхан НҰРЖАНҰЛЫ, Алматы
Әлемдегі көпұлтты ел ретінде Бразилия, Индонезия, Иран, Канада, Қытай, Ресей, АҚШ және өзге де Африка елдерін атауға болады. Еуропаға жан-жақтан мигранттардың ағылып келуінен кәрі құрлықта көпұлтты елдер пайда бола бастады. Әлемдегі ең көпұлтты ел болып Үндістан Федеративті Республикасы саналады. Үндістанда үш нәсіл: негроидтар, еуропеоидтар мен моңғолоидтар көп кездеседі. «Үнділіктер» деген ұғымға Жер халқының алтыдан бір бөлігін құрайтын жүздеген тілде сөйлейтін 1,15 млрд халықты айтамыз.Үндістан халықтарының ішінде хиндустандықтар, телугулар (андхра), маратхилар, бенгалдықтар, бихарлықтар, тамилдер, гуджараттықтар, каннаралар, малаялықтар, пенджабтықтардың қарасы мол. Үнді жұртының 72 пайызын үндіарийлік топтар (300), 25 пайызын дриавидтік топтар, 3 пайызына жуығын моңғолоидтар құрайды. Халықтың жартысынан көбі алуан түрлі 30 тіл мен 2 мыңдай диалектіде сөйлейді. Үнді халқының 83 пайызы индуизмді, 11 пайызы ислам дінін, 2,4 пайызы сикхизмді, 2 пайызы буддизмді, 1,6 пайызы джайнизмді ұстанады.
Ең көпұлтты ел – Үндістан
Последние статьи автора