Ең алғашқы автомобиль

Ең алғашқы автомобиль

Қазір «темір тұлпар» атанып жүрген көліктің ең алғашқысын кім ойлап тапқан? Және ол қандай болған?
Досым АСҚАРБЕКҰЛЫ,
Астана қаласы
1885 жылы Германияның кіш­кен­тай қаласының көшесінен таң­ғажайып көлікті көргенде қара­па­йым шаруалар таңғалысты. Бұ­рын-соңды олар мұндай үш дөң­гелекті электр арқылы от алатын, жанармаймен жүретін, рөлмен ба­қыланып отыратын көлікті көрме­ген-ді. Мұны басқарып жүргізіп келе жатқан Карл Бенц болатын. Ол жолдағы бөгеттерден аса сақ­тықпен қарап өткен екен. Себебі, ол 13 км/сағ жылдамдықпен жүр­ген болатын. Осылайша 41 жасар Карл Бенц дүние жүзіндегі ең ал­ғашқы автомобильді жүргізген еді.
«Supercars» журналының ха­бар­лауынша, өздігінен жүретін ең алғашқы көлік 1769 жылы Нико­лас Джозеф Кагнот (Nicholas Joseph Cugnot) ойлап тапқан бу автомобилі екен. Ол сол кездегі Францияның соғыс министрі Этье­н-­Француаның (Etienne-Francois) ар­тил­лериялық құрылғыларды тасу үшін берген тапсырмасы бойынша шығарған. Сол кезде Кагнот пен әскери механик Брезин ең алғашқы автомобильді париждік Арсеналда құрастырып шығарған екен. Оны қозғалысқа келтіру үшін олар двигатель мен бу бөшкесін алдыңғы дөңгелектердің үстіңгі жағына қойып, тісті дөңгелектерді тарту үшін екі поршень қолданған. Бұл көліктің ең жоғарғы жылдам­дығы 4 км/сағ болғанымен, 5 тон­наға дейінгі жүкті тарта алатын. Ке­йін төрт орынды жолаушыларға арналған нұсқасы шыққан. Кагнот­тың параходының басты мәселесі тежегіші болатын, сондықтан 1771 жылы бірнеше төтенше жағдайдан кейін жоба жабылған екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста