Ең алғаш Олимпиада ойындарына қатысқан таэквондошы
Ең алғаш Олимпиада ойындарына қатысқан таэвондошы қазақ кім? Мен Арман Шылманов деп ойлаушы едім. Бірақ досым «Арманнан бұрын басқа бір спортшымыз қатысқан» дейді...
Жасұлан А., Атырау қаласы
Досыңыз дұрыс айтады. Ең алғаш Олимпиада ойындарына қатысқан таэквондошы қазақ – Әділхан Сағындықов. Ол 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарына қатысып, бесінші орын алған. Ол да аса ауыр салмақта өнер көрсеткен болатын, 84 келіден жоғары салмақ дәрежесінде. Сонымен қатар Әділхан 1999 жылы әлем чемпионатында қола медаль алып, қазақ таэквондосының тарихына өз атын өшпестей етіп жазып кеткен. Азия ойындары мен Азия чемпионатының жүлдегері. 1999-2006 жылдар аралығында таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Сұлтанмахмұт Шоқбытовтың шәкірті.