Емдік шөптердің арасында улы шөптер кездесе ме?
Дәрілік шөптердің ішінде улы шөптер де болады екен. Соларды атап бере аласыздар ма?
Сәуле БАЙКЕНОВА, Арқалық
Біздің елімізде алты мыңнан астам өсімдік түрі бар. Олардың қай-қайсысы да шипалық қасиетке ие. Емдік, дәрілік шөптердің қыр-сырын жетік білген тәуіп-емшілер онымен адамды ғана емес, малды да емдеп, жаза алатыны белгілі. Әрбір шипалы шөптерді жинау, сақтау және қолдану тәсілін өте жетік білу қажет.
Өсімдіктердің адамзат тіршілігінде маңызы өте зор. Дегенмен уланып қалмас үшін өсімдіктердің улы түрі де кездесетінін білгеннің зияны жоқ. Олар:
1. Итсигек. 2. Сасық меңдуана. 3. Көкнәр. 4. У балдырған. 5. Тегеурінгүл. 6. Адыраспан. 7. Дала қырық буыны. 8. Дала қылшасы. 9. Мүйізді шөңгебас. 10. Жатаған темір тікен. 11. Түйе шырмауық, түйе табан. 12. Сүттіген. 13. У қорғасын. 14. Шытыр. 15. Көкек.16. Қызғалдақ. 17. Есекмия. 18. Күшәла. 19. Үшкір азинеума. 20. Шашақ жемісті гелиотроп. 21. Батпақ қалтагүл шөбі.